Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Egemen.kz

«Қазгидромет» синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Аптаның басында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан аптаның басында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, аптаның ортасы 18 тамызда температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай, екпінді жел күтіледі», - делінген хабарламада.