Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Сурет: Gov.kz

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды.

 Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындықты алдын ала басталғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі күні су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы аясында 126 іс-шара орындалды, атап айтқанда: жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары, нөсер кәріздері мен қорғаныс бөгеттерін жөндеу және салу, су өткізу құбырларын жөндеу және ауыстыру және т. б. Бірқатар өңірлерде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ақмола облысында Есіл су реттегішін салу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.

«Өткен жылғы талдау көрсеткендей, ойпатты бөліктерде салынған, сондай-ақ су қорғау белдеулерінде және өзен арналарына жақын орналасқан үйлер негізінен су астында қалды. Қазіргі уақытта ғимараттарды су қорғау белдеулеріне орналастыру барлық жерде проблема болып табылады! Нәтижесінде, мемлекет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлемдерін жүзеге асырады. Осыған байланысты, әкімдіктер бірінші кезекте, осы елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етуді немесе оларды көшіру мүмкіндігін қарауды және бұл аймақтарда болашақта құрылысқа тыйым салу қажет», - деп Сырым Шәріпханов атап өтті.

Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірлерінде жауын шашын мөлшері нормадан көп топырақтың терең қату ықтималдығына күтілуде.

Осыған байланысты ТЖ министрі оңтүстік және солтүстік өңірдерді жоғары әзірлік режиміне көшуге шақырды.

Су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу құралы және 3 мыңнан астам мотопомпа санында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштер мен құралдардың арнайы топтары құрылды.

Азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдарын тәжірибелік пысықтау Ақтөбе қаласында басқарма штабымен «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық және оны тұрақты өткізу мақсатында ТЖ министрі әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларында және өңірлердің даму жоспарларында көзделген су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.