Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында күн суытады

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында күн суытады
Сурет: Apostrophe.ua

Жаңбыр мен қар болады. 

«Қазгидромет» мамандары 22-24 қазан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Солтүстік циклон жырасы 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады, оның ықпалында бірінші кезекте елдің солтүстік жартысы болады, сонымен байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, тұман мен көктайғақта болжанады», - делінген синоптиктердің болжамында. 

Мамандардың айтуынша, тек елдің оңтүстігі мен шығысында ауа райы жылы болады, алайда 23 қазан күні циклон жырасы шығысқа қарай жылжуына байланысты ауа райы тұрақсыз болады. 

«23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте батыс антициклон жотасымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде», - деп болжады мамандар.