Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде 10 градус аяз болады

Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде 10 градус аяз болады
Сурет: Oir.mobi

Суық антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізеді. 

 «Қазгидромет» мамандары 29 қыркүйек-1 қазан күндері аралығында ауа райы  қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

 Синоптиктердің болжамы бойынша, жаңа жер аудандарынан жылжыған суық антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізеді, осыған байланысты түнде ауа температурасы төмендейді және елдің солтүстік аудандарында жауын-шашын тоқтайды.  

«Солтүстік-батыстан жылжыған циклонмен тек республиканың батысында ауа температурасының біртіндеп жоғарлауна әкеледі. Жалпы республика бойынша: солтүстік жартысында – тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіліп отыр»,- делінген «Қазгидромет» мамандарының хабарламасында.  

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 3-10 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус жылыға дейін төмендейді, оңтүстікте күндіз 13-23 градус жылы, оңтүстік-шығыста 5-13 градус жылы, тек республиканың батысында күндіз термометр бағандары 17-30 градусқа дейін жылыны көрсетеді.