Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Spb.kp.ru

Тек оңтүстік өңірлерде күн жылы болады.

 «Қазгидромет» мамандары 20-22 қазан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Жаңа Жер аудандарынан келетін циклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, кезеңнің соңына қарай солтүстікте, солтүстік-батыста жаңбыр жауады соңы қарға ұласады. Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа-райы күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Жалпы, республика бойынша желдің күшеюі, 22 қазанда солтүстікте көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі.