Алдағы екі жылда Алматыда қытай автомобильдері шығарыла бастайды

Алдағы екі жылда Алматыда қытай автомобильдері шығарыла бастайды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда экономиканы сапалы дамыту мақсатында жыл сайын 10% деңгейдегі өсіммен инвестициялар тарту жоспарлануда. 2024 жылы 1,8 трлн. теңге, 2025 жылы – 2,1 трлн. теңге. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

«2023 жылға 2019 жылға қарай инвестицияның 239% деңгейінде өсуі көзделген, яғни 2022 жылға қарай 20,6%-ға өсу. Бұл ретте 2024 жылы инвестицияның өсуі 2019 жылға қарай – 176%, яғни 2023 жылға қарай 26,4%-ға төмендеді. ҰЭМ Алматы үшін 2023 жылға 1 850 млрд. теңге деңгейінде және 2024 жылға 2 185 млрд. теңге деңгейінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша нысаналы индикатор айқындалды. Бұл 2 жыл ішінде 47,4%-ға өсуді болжайды, ал ҚР бойынша жалпы өсім 37,8%-ды құрайды. Алдағы 2 жылда 456 млрд. теңге сомасына 38 инвестициялық жоба іске асырылып, ауданы 88 мың м2 18 МПП енгізілетін болады» - деп атап өтті басқарма. 

Кемінде 220 мың авто өндірісі бар автокластерді қалыптастыру шеңберінде жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейінгі 2 жаңа автозауытты іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде – қытайлық "Changan", "Chery", "Haval" брендтерінің мультибрендтік зауыты – жылына 90 мың авто және "Orbis Manufacturing" зауыты-жылына 80 мың авто. ИЗА-ны 194 гектарға кеңейту 2025-2026 жылдары 230 млрд. теңге сомасына қосымша 7 ірі жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. ШОБ жобалары басым бағыттарда 45 млрд. теңгеден кем емес сомаға жыл сайын қолдау алады. Осы шаралардың арқасында мегаполис экономикасының өсуі 2025 жылы 6,5%-ға дейін жеделдете отырып, 2024 жылы 5,5% деңгейінде болады деп болжанады.