Алматыда күн сайын шамамен 7000 адам КВИ-ге қарсы вакцина алады

Алматыда күн сайын шамамен 7000 адам КВИ-ге қарсы вакцина алады
Сурет: Еrnur.kz

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде КВИ-ден ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін мегаполис тұрғындарының иммундық қабаты жеткіліксіз екенін айтты. 6 тамыздағы мәлімет бойынша, ол қаланың ресми тұрғындар санының 41,1%-ын құрады.

 Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, қала тұрғындарының вакциналану көрсеткіші қазіргі уақытта күніне 7 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Жандарбек Бекшин сонымен бірге 1 жасқа дейінгі балалардың ауруының өсіп жатқанын атап өтті.  Өткен аптада 224 бала болса, осы аптада 238 бала тіркелді. 14 жасқа дейінгі балаларда аурудың төмендеуі байқалады - 878 бала өткен аптадағы 1099-ға қарсы. Жалпы алғанда, КВИ жағдайы 20-40 жас аралығындағы жастарда басым - 38%, 40-59 жастағы азаматтарда - 25%және 60 жастан асқан адамдарда - 20%.                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындар арасында КВИ инфекциясын қай санаттың жиі жұқтыратынын айтты.

 «Өткен 7 күнде, алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында инфекция жұқтырғандардың үлес салмағы бұрынғыдай жоғары - 41%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері - 18,4%, зейнеткерлер - 17,3%, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында - 9,2% және мектепке дейінгі балалар - 6,0%. Халықтың аталған санаттары КВИ-мен ауыратындардың жалпы санының 92%-ын құрайды, оған профилактикалық іс-шаралар бағытталуы тиіс», - деді Жандарбек Бекшин.