Елордада спорттық акция өтеді

Елордада спорттық акция өтеді
Сурет: Аstana.gov.kz

Жаңа жыл түнін жүгіріп қарсы ал!

«Жаңажылдық жүгіру– 2022» пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акция шеңберінде жаппай бұқаралық жүгіру және скандинавиялық жүріс өтеді.

Жаңажылдық жүгіру жарысының негізгі қашықтығы 2022 метр шақырымды құрайды. Жарысқа ниет білдірген қала тұрғындары мен қала қонақтары және спорт әуесқойлары қатыса алады.

Жарыстың басты мақсаты – елордада бұқаралық спортты дамыту, Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акциясын қолдау.

Жарыс 31 желтоқсан күні, елордадағы «Қазақ елі» монументі алаңында өтеді.

Старт: сағат 23:20-да