Алдағы айда бірнеше өңірде құрғақшылық болады

Алдағы айда бірнеше өңірде құрғақшылық болады
eldala.kz

Қазақстанның елеулі аумағындағы ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес, мамыр айында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мына жерлерде орташа құрғақшылық күтіледі:

Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында,

Қостанай облысы Жангелді ауданында,

Қызылорда облысы Қазалы ауданында,

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында.

Ылғалданудың, орташа ылғалды жағдайлары, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде қалыптасады.