Олимпиадашылардың формасы турасында пікір білдірілді

Олимпиадашылардың формасы турасында пікір білдірілді
Сурет: Оlympic.kz

Дзюдодан Қазақстан чемпионы Ақмарал Науатбек Бейжің Олимпиадасына арналған ұлттық құраманың формасын таныстыруға үлес қосты.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген Ақмарал мұндай маңызды сәттің куәгері болғаны үшін қуанышын жасырмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Фототүсірілімге шақырту алғанда қатты қуандым. Өйткені, олимпиадалық форманы ең алдымен бағалайтын спортшылар. Форманың сапасы да, сыртқы үлгісі де бірден ұнады. Ыңғайлы, жылы, стильді. Біздің олимпиадашылар Бейжіңде шын ықыласпен киеді деп сенемін. «Qazaqstan» сөзінің қазақ тілінде жазылғаны да қуаныш сыйлайды екен. Осы бір жауапты күндері олимпиадашыларға үлкен табыс тілеймін», - деді Ақмарал.