Алдағы аптада «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталады

Алдағы аптада  «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталады
Сурет: Inform.kz

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтиже бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

- квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

- өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.

- тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.