Алаяқтардан абай болыңыз!

Алаяқтардан абай болыңыз!
Сурет: Тurkystan.kz

Алматы қалалық статистика департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын санақ кезінде санақшының атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Себебі 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz сайтында санақ онлайн өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық іс-әрекеттерді болдырмау үшін естеріңізге саламыз: 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz сайтында санақ онлайн өтіп жатыр, сондай-ақ, пікіртерім egov.kz сайты мен aitu қосымшасы арқылы қолжетімді. Санақ бойынша интервьюерлермен үй шаруашылықтарына бару ағымдағы жылдың 1 қазанында басталады. Халыққа пікіртерім жүргізу үй шаруашылықтарына интервьюер жеке өзі барған жағдайда ғана жүргізілетін болады. Интервьюер міндетті түрде тиісті куәлік ұсынады. Сақ болыңыз және бөтен адамдарға өзіңіз туралы деректер ұсынбауыңызды сұраймыз», - делінген аталмыш департамент таратқан хабарламада.