Паралимпиада ойындары аяқталды

Паралимпиада ойындары аяқталды
Сурет: Hubloid.com.ua

Паралимпиада-2021 ойындарын қазақстандық спортшылар 5 жүлдемен аяқтады

5 қыркүйекте Жапония астанасындағы ұлттық стадионда жарыстың жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Паралимпиада 24 тамызда басталды. Спортшылар 22 спорт түрі бойынша 539 медальдар жиынтығына таласты. Жалпы командалық есепте І орынды Қытай спортшылары жеңіп алды. Олардың еншісінде 96 алтын, 60 күміс және 51 қола медаль бар. Ұлыбританиялық спортшылар ІІ орынды иеленді (41, 38, 45), мықтылардың үштігін америкалықтар түйіндеді (37,36, 31).

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Паралимпиада-2020 ойындарын бес медальмен аяқтады, бұл - ұлттық құраманың тарихындағы ең жақсы нәтиже.

Пауэрлифтингші Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.