Алаяқтық жасады деген алматылық шенеунік қамалды

Алаяқтық жасады деген алматылық шенеунік қамалды
Сурет: интернеттен

Күдікті үй қамағына алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Алматы бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын алған", делінген Антикордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.