Алаяқтарды еріктілерден қалай ажыратуға болады?

Алаяқтарды еріктілерден қалай ажыратуға болады?
Almaty-akshamy.kz

Алматыда алаяқтарды еріктілерден қалай ажыратуға болатындығы айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк мәлімдеді. 

Брифингте журналистер жәшіктері бар жастар автобустар мен қала көшелерінде ауру балаларды емдеу үшін қайырымдылық жинайтынын мысалға келтіре отырып, нағыз еріктілерді алаяқтардан қалай ажыратуға болатындығы туралы сұрақ қойды. 

Спикер бұл мәселенің өзекті екенін атап өтті.

«Көбіне мұндай адамдар Қазақстан Республикасы заңнамасының үш бабын бұзады.Біріншіден, олар негізінен жасөспірімдерді жалдайды. Мұнда келісімшарттың дұрыстығын қарау керек. Екінші мәселе-көшедегі адамдардыңмазасын алу. Маған оларды еріктілер деп айту қиын. Ақшаны сыйға тартқан адамдар қайда берілетінін білмейтінін түсінукерек», - деп атап өтті Татьяна Миронюк.

Ол біздің елімізде «Еріктілік» және «Қайырымдылық қызметі» туралы заңдар бар екенін еске салды. Олардың екіншісінде еріктілердің кім екендігі және қайырымдылық деген не екендігі туралы түсінік бар. Бұл төлемдердің барлығына көпшілік алдында есеп берілуі керек. 

«Егер сізт қайырымдылыққа деп берген ақшаңыздың қайда кететінін білмей, қадағалай алмасаңыз, мұндайда жариялылық пен ашықтық болмайды. Егер ешқандай есеп беру болмаса және жарияланбаса, менің кеңесім-өз қаражатымды бермеу», - деді спикер.