Алатау ауданында 904 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда

Алатау ауданында 904 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда
almaty-akshamy.kz

Ауданда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында биылғы жылдың соңына дейін 904 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты.

Жарығы жоқ 378 көше бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – қыркүйек айының соңына дейін. Жұмыстарды бастау
2024 жылдың наурызына жоспарланған.

Ауданда 18 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс барысында электр жетегі бар көтергіш механизмдер мен лифтілерді күрделі жөндеу, бейнебақылау орнату, арбамен және велосипедпен түсу қондырғысы көзделген. Сондай-ақ, 5 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі жөнделуде. Барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.