Алатау ауданында 20 аялдама кешенін салу жоспарлануда

Алатау ауданында 20 аялдама кешенін салу жоспарлануда
almaty-akshamy.kz

Қала әкімдігі қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсартуға үнемі көңіл бөледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

4 бағыттың құрамы толық жаңартылды (№46, 69, 109, 122, барлығы 65 автобус). IV-ші тоқсанға дейін тағы 4 бағыттың (№24, 125, 19, 88) жылжымалы құрамын 52 бірлікке жаңарту жоспарлануда.

Анықтама үшін: осы жылдың сәуір айының басында 7 маршрутта жылжымалы құрамды жаңарту көзделген болатын. Оның ішінде 3 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды және қосымша көптеген шағымдарға байланысты №69 маршрут жаңартылып, күшейтілді.

Биыл қараша айының соңына дейін Алатау ауданы бойынша тағы 20 аялдама кешенін салу жоспарлануда.

Анықтама үшін: жыл соңына дейін қала бойынша 50 остановка салу жоспарлануда.