Алатау ауданында 150 шақырым инженерлік желі жүргізіледі

Алатау ауданында 150 шақырым инженерлік желі жүргізіледі
azhk.kz

Бұған қоса, 5 канализациялық-насос станциясы салынады, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алатау ауданының әкімдігі жақын арада «Теректі», «Алғабас», «Болашақ», «Шапағат» шағын аудандарында ұзындығы 150 км инженерлік желі жүргізуге кіріседі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.

«Мердігерлер анықталды. Жұмыстың басталуы биыл мамыр айына, аяқталуы 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған. «Рахат-Мәдениет» шағын ауданында желілердің құрылысы 2023 жылы шілдеде басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады», - деді қала басшысы.

5 канализациялық-насос станциясы салынып жатыр. Бұл «Самғау» және «Өжет» шағын аудандарында канализация желілерін пайдалануға мүмкіндік береді. Жұмысты жыл соңында аяқтау көзделіп отыр.