Украинада қоғамдық көлікпен тек екпе алғандар қатынауы мүмкін

Украинада қоғамдық көлікпен тек екпе алғандар қатынауы мүмкін
Сурет: Delo.ua

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі аймақтар арасында жолаушыларды тасымалдаудың жаңа ережелері бойынша жол жүру құжаттарының тізімін жариялады

Олар 21 қазанда күшіне енеді. Бұл туралы 12 қазан, сейсенбіде, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

«Сары» аймақ

«Сары» карантиндік аймақтағы аймақаралық саяхат үшін келесі құжаттардың бірі қажет:

- COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алғаны туралы куәлік;

- 72 сағат ішінде жарамды ПТР тестінің немесе COVID-19 экспресс-тестінің теріс нәтижесі туралы сертификат.

«Қызыл» аймақ

Эпидемиологиялық қауіпсіздіктің «қызыл» деңгейі бар аймаққа бару үшін келесі құжаттардың бірі қажет:

- коронавирусқа қарсы егудің толық курсын алғаны туралы куәлік;

- 72 сағат ішінде жарамды ПТР тестінің немесе COVID-19 экспресс-тестінің теріс нәтижесі туралы сертификат.

Бұған дейін Министрлер кабинеті карантинді күшейту туралы шешім қабылдағаны хабарланған болатын. Автобустар мен пойыздарды тек екпе алған адамдар ғана пайдалана алады.