Алаңдауға негіз жоқ

Алаңдауға негіз жоқ
gov.kz

ТЖМ құтқарушылары тұрғындар арасында профилактикалық жұмыс жүргізуде

Үстіміздегі жылдың 28 ақпанда  Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының м.а. К.А.Тұрсынбаевтың., ТЖ министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою департаменттерінің бастықтары, Алматы қаласы ТЖД бастығы Н.Б.Атығаевтің   басшылығымен 120-дан астам қызметкерге, оның ішінде ТЖМ 28237 әскери бөлімі әскери бөлім құтқарушыларына ТЖМ азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығының оқытушыларымен  нұсқаулық өткізілді.

Әрі қарай құтқарушылар Алматы қаласының барлық ауданындағы көпқабатты үйлердегі тұрғындарды үгіт-насихатпен қамту үшін 8 топқа бөлінді.

Профилактикалық іс-шараның мақсаты – халықтың экстремалды жағдайларда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер туралы ақпарат беру үшін азаматтарды барынша қамту.

Айта кету жөн, қалада азаматтық қорғау қызметкерлерінің көбейуіне байланысты кейбір тұрғындардан алаңдаушылық тудырды: ПИК, МИҰ  ватсап чаттарында,  табиғи апатпен байланыстыратын сұрақтар түсе бастады. Алайда, құтқарушылар – алаңдауға негіз жоқ! Бұл  көп қабатты үйлердегі аралау-алдын алу жұмыстардың  күшейтілуі, деп түсіндіреді.

Мамандардың айтуынша, көпқабатты үйлердегі қауіпсіздік тек мемлекеттік органдарға ғана емес, барлық қажетті ережелерді сақтауға тиіс тұрғындардың өздеріне де байланысты.

Халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар министрі өкімімен ТЖМ жедел тобы мегаполис тұрғындары арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын бастады.