Актер Еркебұлан Тоқтар дауыс берді

Актер Еркебұлан Тоқтар  дауыс берді
almaty-akshamy.kz

Актер Еркебұлан Тоқтар Алматыдағы сайлау учаскесінде дауыс беріп қана қоймай, өзіне лайықты жар іздеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Алматының №502 сайлау учаскесінде дауыс берген танымал актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желісінде сайлауға бара жатқан жолынан бейнежазба жариялап, онда өзіне жұп іздейтінін айтты.

«Қазір сайлау учаскесіне барып, қыз жолықтырып қалсам. Таңертең тұрып сайлауға қатысатын, болашағын ойлайтын, кітапханада кітап оқып отыратын, таңертең барып жаттығу жасап келетін қыздар болатын секілді», – деді ол.

Сондай-ақ, дауыс берген соң, актер сайлаудың көңілді өтіп жатқанын хабарлады.

«Бұрын үміткерлер аз еді, бір-екеу ғана, қазір бұрынғыға қарағанда кандидаттардың саны көп. Бәрі күшті, көңілді өтті», – деді Еркебұлан өз инстапарақшасында.