АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы әуежайдан сурет жариялады

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы әуежайдан сурет жариялады
Сурет: Inform.kz

Қазақстанға алғаш жұмыс сапарымен келе жатқан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әуежайдан түсірілген суретін твиттерде жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат cайтына сілтеме жасап.

«Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапарым және мен Орталық Азиямен ынтымақтастық қарым-қатынасымыздың ары қарай дамуын тағатсыздана күтемін. Сол жақтан Үндістанға G20 кездесуіне барамын», - деп жазды ол твиттерде.