Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметінен кетті

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметінен кетті
Сурет: Ашық дереккөзі

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті лауазымындағы жылдар бойы қажырлы, ең бастысы жемісті қызметі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Facebook желісіндегі парақшасында бүгін, 27 қыркүйекте Ақан Сатаев аты аңызға айналған киностудия – "Қазақфильм" АҚ-ның басшысы қызметінен өз еркімен кеткенін айтты.

«Оның ары қарайғы шығармашылық жолы да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалармен жалғасатынына сенімдімін», - Дәурен Абаев.

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті болып 2020 жылдың шілдесінде тағайындалған еді.