Шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібі  қандай?

Шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібі  қандай?
Сурет: Adilettv.kz

Алматы қаласының тұрғындары және қонақтарының назарына!

Сіздерге Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды еске саламыз.
"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы қағидаларының" 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз.
Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі.
Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз.
Әкімшілік шара қолданылуы: 
 Жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін  – 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.
Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген. Қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған, бұл 306 мың теңгеге тең.
Шетелдіктің келуі туралы хабарламаны қабылдаушы тарап үш тәсілмен бере алатынын хабарлаймыз.
1. Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады vmp.gov.kz немесе egov.kz арқылы. Ол үшін қазақстандық тарап электрондық цифрлық қолтаңбасы және көшіп келушінің  паспорттық деректері жеткілікті.
2.Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады.
3. Е-Qonaq қосымшасы арқылы хабарлама беріледі.

Қазақстан Республикасы азаматтары мен шетелдіктердің заңның осы талаптарын сақтауға міндетті екеніне тағы да назар аударамын.