ҚР БҒМ жеке олимпиадаларға қатыспауға кеңес береді

ҚР БҒМ жеке олимпиадаларға қатыспауға кеңес береді
independ.kz

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ibilim.kz онлайн олимпиадасының ұйымдастырушысы емес және бұл олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге еш қатысы жоқ, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәлімдеуінше, мұндай ақылы деңгейдегі олимпиадаларды жеке тұлғалар ұйымдастырады. Бұған дейін министрлік бірнеше рет жеке олимпиадаларға қатыспауға кеңес берген болатын. Сондықтан ата-аналар мен оқушыларды мұқият болуға шақырады.

«Дарын» РҒПО ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген Тізбеге енгізілген іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты екенін еске саламыз. Сондай-ақ олардың барлығы тегін өткізілетінін де ескертеді.