«Әйгерім» балабақшасы мемлекет меншігіне қайтарылды

«Әйгерім» балабақшасы мемлекет меншігіне қайтарылды
pro-dachnikov.com

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

2022 жылы әкімдік 3 балабақшада (№114, 116, 141) сейсмикалық күшейту жұмыстарымен бірге күрделі жөндеу жүргізді. Осы жылы 2 балабақшада – «Әйгерім» және №112 балабақшаларда күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Ұзақ мерзімге жалға берілген «Әйгерім» балабақшасы мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір балабақшаның жобалау-сметалық  құжаттамасы әзірленіп жатыр, аяқталу мерзімі – 2023 жылдың мамыр айы.  №112 балабақша бойынша  сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталады.

Биыл  "Алатау" шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда. Кешен қазан айында пайдалануға берілуі керек еді, алайда жобадағы өзгерістерге байланысты мерзімдері ұзартылды. Қазіргі уақытта кешеннің 90%-ы дайын.