Әуезов ауданында 14 мыңнан астам бала тегін үйірмеге қатысады

Әуезов ауданында 14 мыңнан астам бала тегін үйірмеге қатысады
Сурет: Zakon.kz

Қазір АrtSport бағдарламасы қайта қаржыландырылды.

Бұл бағдарламаның бюджеті 2,6 млрд. теңге құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сонымен қатар шығармашылық және спорт үйірмелерін жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасады. Әуезов ауданында осы бағдарлама аясында 239 шығармашылық үйірме мен спорт секциясы (шығармашылық – 178 үйірме) жұмыс істейді, оларға 14 мыңнан астам бала қатысады», - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.