Әуе көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелері өзгермек

Әуе көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелері өзгермек
Сурет: Zakon.kz

Бұйрық 4 наурыздан бастап күшіне енеді. 

ҚР ИИДМ бұйрығымен әуе көлігінде жолаушылар мен жүк тасымалдауға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұдан былай бекітілген талаптарға сәйкес келмесе, авиакомпания жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тарта алады.

Яғни:

- жүкті әкелу, әкету немесе транзиттеу тасымалдау жүзеге асырылатын аумаққа, аумағынан немесе аумағы арқылы сол елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

- жүктің өлшемдері оның еркін тиелуін және түсірілуін, әуе кемелерінің багажы мен жүк бөлімдеріне орналастырылуын және бекітілуін қамтамасыз етеді;

- тұрақты жолаушылар әуе кемелерiнде тасымалдау кезiнде жүктiң салмағы мен өлшемдерi авиакәсiпорынның шарттарында белгiленген шектен аспайды;

- жүкке ілеспе құжаттар қоса тіркеледі;

- жүк ұшаққа, адамдарға және мүлікке қауіп төндірмейді және өзінің қасиеттеріне байланысты жолаушыларға қолайсыздық тудырмайды.

Сондай-ақ алушы авиакомпаниядан әуе кемесі межелі жерге келген, жүк түсірілген және өңделген сәттен бастап жүкті және жүкқұжатты ресімдеуді талап ететіні түсіндіріледі. Жүкті жеткізу әуе кемесі келген сәттен бастап 2 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Бұл ретте әуежай әкімшілігі жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау тәртібін әуежайдың ресми интернет-ресурсында орналастыруы керектігі айтылады.