Ресей ғарышқа әскери спутник ұшырды

Ресей ғарышқа әскери спутник ұшырды
Cурет: Inform.kz

Ғарыш аппаратына «Космос-2553» реттік нөмірі берілді

2022 жылдың 5 ақпанында РФ Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында (РФ Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік сынама ғарыш айлағы) ғарыш құрылғысы бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Роскосмос" баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуе-ғарыш күшінің (ӘҒС) зымыраны сәтті ұшырылып, ғарыш аппараты орбитаға штаттық режимде шығарылды. Қазіргі таңда ол жерден басқарылып отыр. Ғарыш аппаратына «Космос-2553» реттік нөмірі берілді. «Космос-2553» технологиялық ғарыш аппараты радиация мен ауыр бөлшектердің ықпал ету жағдайында қажетті борттық құрал-саймандврмен және жүйемен жабдықталған, делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылдың 15 ақпанында Байқоңырдан осы жылдың алғашқы зымыраны ұшырылмақ.