Әскери әуебазасында төтенше жағдай болды: бір адам қаза тапты

Әскери әуебазасында төтенше жағдай болды: бір адам қаза тапты
Сурет: ашық дереккөз

Талдықорған авиациялық базасында төтенше жағдай болды. Салдарынан бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен. Салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.