АЭС тағдырын кім әлде не шешеді?

АЭС тағдырын кім әлде не шешеді?
Сурет: Stan.kz

Атом электр стансасының салынатын-салынбайтынын халық шешеді.

Дегенмен, еліміз үшін таза атом энергиясының маңызы зор екенін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz мәліметінше, жалпы АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі. Құрылысты жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың пікірлері барынша таразыланып, шешім қабылданады. Президент жобаның құны мен экологияға әсерін қаперден шығармай, мәселені ғылыми зерттеулер негізінде шешкен жөн деді.

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын компоненттерін де өзіміз өндіреміз. Сол себепті мен еліміздің аумағында АЭС салу жайына айрықша мән беремін. Түптеп келгенде, энергети­ка қауіпсіздігі мәселесін геосаяси мүдде емес, нақты қажеттілік пен мүмкіндіктер тұрғысынан қарастырып, ғылыми зерттеулер негізінде шешкен жөн», - дейді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.