Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді
inbusiness.kz

Қала әкімдігінің жұмысында халық табысының өсуін одан әрі арттыру басым болып табылады. Бұл ретте, бағаның өсуінің жоғары қарқынын сақтау басты міндет болып қала береді. Биылғы 11 айда инфляция 18,9% болды.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 15 млрд теңге бөлінді. «Магнум» желісінің сөрелерінде бағаларды, сонымен қатар, әлеуметтік нан, сиыр еті мен жұмыртқа өндірушілерінің сату бағаларын тұрақтандыру жүргізіліп отыр.

«Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін біз 20 мың тоннаға жуық көкөністі алдын ала «форвардтық» түрде сатып алдық. Қосымша «айналым қарызы» тетігі шеңберінде Павлодар облысының өндірушілерінен 4 мың тонна картоп пен 1 мың тонна сәбіз сатып алу жоспарланып отыр», - деді Әлішер Әбдіқадыров. 

2023 жылдың сәуір-маусым айларында еліміздің оңтүстік өңірлерінен, сонымен бірге, Өзбекстан, Пәкістан және Ираннан ерте пісетін көкөністерді жеткізу ұйымдастырылады.