Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 7 түрі арзандады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 7 түрі арзандады
Сурет: ашық дереккөз

Наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 7 түріне баға төмендеді, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ranking.kz порталының мәліметінше, наурыздың соңғы аптасында картоп (07 пайыз), пияз (0,3), қырыққабат (0,1) қарақұмық (1,3), күнбағыс майы (1,1), қант (0,8) және құс еті (0,4) арзандады. Ал бірінші сұрыпты ұн, одан дайындалған нан, майлылығы 2,5 пайызды құрайтын сүт бағасы өзгерген жоқ.

Өткен жылдың наурызында жағдай мүлдем басқаша болатын. Ол кезде картоп бағасы - 2,6, сәбіз - 3,9, пияз - 12,2, ал қант 35 пайызға қымбаттаған болатын. Ал биыл азық-түлік бағасының төмендеуіне тұрақтандыру қорларындағы өнімдердің саудаға шығарылуы септігін тигізіп отыр.

Нәтижесінде наурызда айлық инфляцияның жалпы деңгейі 0,9 пайызға төмендеді. Бұл 2022 жылдың ақпанына бергі тұтынушылық баға өсімінің ең төменгі айлық көрсеткіші саналады. Соған орай жылдық инфляция қарқыны да осы жылдың наурызында ақпандағы 21,3 және қаңтардағы 20,7 пайызға қарағанда 18,1 пайызға дейін баяулады.