Әлемдегі ең беделді әйел анықталды

Әлемдегі ең беделді әйел анықталды
Сурет: picryl

Урсула фон дер Ляйен Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды әйел атанды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен екінші жыл қатарынан әлемдегі ең күшті әйел атанды.

Бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келе жатқан неміс саясаткері Еуропа орталық банкінің президенті Кристин Лагардты, АҚШ вице-президенті Камала Харристі және Италия премьер-министрі Джорджия Мелониді басып озды.

65 жастағы Фон дер Ляйен 450 миллионнан астам еуропалықтарға қатысты заңнамаға жауапты лауазымды атқарған алғашқы әйел.

Бесінші орында Тейлор Свифт тұрды, ол өзінің рекордтық Eras әлем турнесінде 850 миллион доллар табыс тапқан. Бір қызығы, әнші өткен жылғы топ-тізімде 79-орын алды.