Жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін

Жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін
Сурет: интернеттен

Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.

ҚР Көлік вице-министрі Қазақстан нарығында жақын арада қандай жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, бұл мәселе қазір шетелдік әуе компанияларының өкілдерімен талқыланып жатыр.

"Келіссөз деген болжау қиын процесс екенін білесіздер, бірақ қазір біздің әуе тасымалы нарығына халықаралық ойыншылар тарапынан қызығушылық бар екенін нақты айта аламын", – деді Көлік вице-министрі.

Әуе тасымалдаушысы қай елден ұшатыны жөніндегі сұраққа ол: "Оңтүстік-Шығыс Азиядан" деп жауап берді.

"Бұл мүмкіндігінше тез арада болады деп үміттенеміз, өйткені бұған көптеген факторлар әсер етеді", – деді Талғат Ластаев.