МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке кімдер жүгіне алады?

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке кімдер жүгіне алады?
Сурет: Ашық дереккөзі

МӘМС арқылы тіс дәрігерінің қызметіне жүгіне алатындардың тізіміне азаматтардың жекелеген санаттары кіреді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер жоспарлы стоматологиялық көмек ала алады.

Ал шұғыл стоматологиялық көмек төмендегі тізімде көрсетілген санаттағы азаматтарға қолжетімді:
- 18 жасқа дейінгі балалар;
- жүкті әйелдер;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
- «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналар;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- зейнеткерлер;
- инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурумен ауыратын науқастар;
- мүгедектігі бар баланы күтіп-бағып отырған жұмыс істемейтін адамдар;
- бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.