40-қа жуық компания мемлекетке қайтарылды

40-қа жуық компания мемлекетке қайтарылды
Сурет: Ia-centr.ru

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

Демонополизация шаралары аясында 40-қа жуық акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі кезде экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Негізгі міндеті – бәсекелестікке кедергі жасайтын компанияларды анықтау.

«Мәселен, шамамен 40 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік, сондай-ақ басқа да жылжымайтын мүлік нысандары республикалық меншікке беріліп жатыр. Осы жұмыс жалғаса береді», - деді Смайылов.

Оның айтуынша, мемлекет меншігіне берілген компаниялар мемлекеттік мүлік комитетіне өтеді. Артынан сала бойынша мемлекеттік органдарға таратылады.

«Ал табысы республикалық бюджетке түседі», - деп атап өтті Үкімет басшысы.