Әлемде тырысқақ ауруы кең тарауы мүмкін

Әлемде тырысқақ ауруы кең тарауы мүмкін
Сурет: Elorda.info

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тырысқақ ауруының өршуі мүмкін деп ескертеді. 

Бұған індет ошақтарының көбеюі себеп. Оған қоса ауруға қарсы тиімді вакцинаның жоқтығы – үлкен мәселе, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Ұйымның ақпан айында жарияланған көрсеткішінен кейін тағы 4 мемлекетте ауру өршіп тұр.

Осылайша, әлем бойынша 24 елде тырысқақ ауруы кең тарап жатыр.