Әлемде маймыл шешегінен өлім-жітім көбеюде

Әлемде маймыл шешегінен өлім-жітім көбеюде
Сурет: Grozny-inform.ru

Әлемде маймыл шешегінен бірнеше адам өлімі тіркелді.

Оқиғалар Перу, Үндістан, Испания мен Бразилия елдерінде орын алған. Жалпы, бүгінгі күні маймыл шешегін жұқтыру бойынша АҚШ көш бастап тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі сәтке дейін мұнда қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны 5 мыңнан асады. Ауруға байланысты төтенше жағдай жарияланған Сан-Франциско қаласында вакциналау орталығында жүздеген адам ұзын-сонар кезекте тұр.

«Бізге өткен жұмада 4 мыңға жуық жаңа екпе әкелінді. Бірақ бұл партия осы аптаның аяғына дейін таусылатын шығар. Ал жоғарыдан берілген нұсқауға сәйкес, қала бойынша 40 мыңдай тұрғын вакцина салдыруға тиіс», - дейд аурухананың бас дәрігері Люкджон Дэй.