Әкімдердің үш орынбасары ғана болуы керек – Президент

Әкімдердің үш орынбасары ғана болуы керек – Президент
Сурет: Atr.kz

Мемлекет басшысы бұл мәселені Президент әкімшілігі өз құзыретіне алуы керектігін айтты

Облыстардағы халық санына байланысты әкімдік аппаратын қысқарту ұсынылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Әкімдердің үш орынбасары ғана болу керек. Ары кеткенде төрт орынбасар. Бұл мәселені Президент Әкімшілігі өз құзыретіне алуы қажет. Осы ретте институттарды жергілікті басқару орындарының жұмысына араластыру керек. Жергілікті өзін өзі басқаруға жергілікті мәслихат жетекшілік етуі тиіс. Жергілікті өңірлердің қаражатын қайта қарау керек. Қазір ауыл-аймақтар тек әкімнің қолына қарап отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.