ӘЧ: ширек финалға жеті боксшымыз шықты

ӘЧ: ширек финалға жеті боксшымыз шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Куба бірінші орында келеді

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шықты. Бұл жөнінен ел құрамасы төртінші орында тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ширек финалға он екі боксшысы шыққан Куба бірінші орында келеді. Одан кейінгі орындардағы Өзбекстан - он бір, Ресей - сегіз былғары қолғап шеберіне үміт артады.

Ал, Испания алты, Франция мен Грузия бес, Иордания, Тәжікстан мен Болгария төрт, Қырғызстан, Үндістан, Бразилия мен Армения үш, Жапония, Венесуэла, Таиланд, Моңғолия, Қытай, Әзербайжан, Замбия, Мексика екі, Тайвань, Шотландия, Аустралия, Хорватия, Венгрия, Беларусь, Колумбия, Гана, Италия, Австрия бір-бірден үздіктерін жарысқа қосады.

Еске салсақ, 9 мамырда ел құрамасынан төрт боксшы ширек финалға жолдама алса, біреуі жарыс жолынан шығып қалды.