Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина жоспарлы екпелер қатарына енгізілмек

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина жоспарлы екпелер қатарына енгізілмек
сурет:gazeta.uz

Вакциналау жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы.

Адам папилломасы вирусына қарсы екпе міндетті әрі жоспарлы вакциналар тізіміне енгізілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесінде адам папилломасы вирусы ауруына қарсы екпесі енгізілсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Құжат 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Елімізде 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Екпемен нысаналы топтың кемінде 95%-ы қамтылады. Вакциналау жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы.