Абай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау басталды

Абай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау басталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қабылдау пункті сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бүгін Алматы қаласында Абай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласындағы гуманитарлық көмек жинау пункті: Байтұрсынов көшесі, 22к 1, 1 қабат мекен жайында орналасқан еріктілердің фронт-кеңсесі.

Байланыс нөмерлері: (+7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40).

Қабылдау пунктінде кез келген көлемде заттар мен алғашқы қажетті азық-түліктер қабылданады. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмекке бірінші кезекте қажет заттар:

- көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер;

- тыныс алу маскалары;

- термос, қол шамы, қуаттауыштар;

- жөргектер, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары;

- қажетті өнімдер (консервілер, печенье және т. б.);

- бір рет қолданылатын ыдыс;

- су және т. б.

Қабылдау пунктінің жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін. Еріктілер штабының жұмысына «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ, «QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Медицина Жастары» РҚБ және т.б. сияқты ірі еріктілер ұйымдарының еріктілері жұмылдырылған.