Бес мың шақырымнан астам республикалық жол тазартылды

Бес мың шақырымнан астам республикалық жол тазартылды
Сурет: Egemen.kz

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық. 

9-14 наурыз аралығында барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүруге шамамен 45 рет шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, күн сайын ауа райының қолайсыздығына 600-ден астам арнайы техника мен 1 мыңға жуық жол жұмысшылары жұмылдырылып, республикалық маңызы бар 5 мың шақырымнан астам жол тазартылды.

Еске сала кетсек, республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 25 мың км құрайды. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бірыңғай тәулік бойы call-орталығы 1403 қысқа нөмірі бойынша 2 мыңнан астам қоңырауға жауап берді.