Қазақстандық таеквондошылар Иранда 15 медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Иранда 15 медаль жеңіп алды Сурет: Olympic.kz

Екі алтын, үш күміс және 10 қола.


Тегеранда таеквондодан халықаралық турнирлер сериясы өтті. Азия федерациясының президенті кубогының соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.


Бұл жолы 68 келінің өкілі Ерасыл Арапбай қола жүлдеге қол жеткізді. 


Осылайша қазақстандықтар аталған турнирде үш медаль иеленді: Жансель Дениз – алтын, Смайыл Дүйсебай мен Ерасыл Арапбай – қола жүлдегерлер. 


Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Иран астанасында үш халықаралық жарысқа қатысты: клубтар арасында Азия чемпионаты, дәстүрлі Fajr Open турнирі және Азия федерациясы президентінің кубогы. 


Аламан бәйгелер қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасында әртүрлі дәрежедегі 15 медаль бар: екі алтын, үш күміс және 10 қола.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет