4 мың долларды ит жеп қойды

4 мың долларды ит жеп қойды
Cурет: Astanatv.kz

Бұл оқиға америкалық отбасыда болған.

Сесил есімді ит иелерінің 4 мың доллар қолма-қол ақшаны жеп қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ең бастысы, үй иелері ақшаның басым бөлігін қалпына келтіре алды.

«Сесил төрт мың долларды жеп қоймағанға дейін жақсы ит болды», – деп жазды үй иесі Керри Ло әлеуметтік желіде.

Клейтон мен Керри Ло ақшаны қалпына келтіру үшін иттің нәжісі мен құсуын күтіп, кейін оларды талдауға береді. Осылайша ақшаның 3 550 долларын қалпына келтірді.