«№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатының сайлауын тағайындау туралы»

«№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша  шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатының сайлауын тағайындау туралы»
Сурет: ашық дереккөз

«№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатының сайлауын тағайындау туралы» Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылдың 29 тамызындағы № 41/1

ҚАУЛЫСЫ

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатының сайлауы 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
  2. Шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатын сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қосымшаға сәйкес күнтізбелік жоспары бекітілсін .
  3. Алматы қаласы Алмалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы шығып қалған депутаттың орнына Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына сайлауды әзірлеуді және өткізуді қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Алматы қаласы аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                                        А. Калыкова

 

Алматы қаласы аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                                            А. Тегисов

Алматы қаласы аумақтық

сайлау комиссиясының

2023 ж."29"тамыздағы № 41/1

қауылысына қосымша

 

2023 жылдың 29 қазанына тағайындалған

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутат орнына Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1.     Сайлау күні туралы хабарды жариялау

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылдың 29 тамызынан кешіктірмей

 (101 баптың 6 тармағы) 

     2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылдың 08 қыркүйектен кешіктірмей

(22-баптың 2-тармағы 2-1-тармақшасы)

3.     Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылдың 08 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-баптың 4-тармағы,

15-1-баптың 3-тармағы)

4.     Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2023 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей

(23-баптың 5-тармағы)

5.     Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн кешіктірмей

2023 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей

(17-баптың 2-тармағы)

6.     Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

Дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады

30 тамызда басталып, 2023 жылдың 28 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

 (103-баптың 7-тармағы)

7.     Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-бап және 103-баптың 6-тармағы) 

8.     2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-баптың 2-тармағы) 

9.     Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы

30 тамызда басталып, 2023 жылдың 03 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

(104-бап) 

10.  Кандидаттарды тiркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(104-баптың 5-тармағы) 

11.  Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 (104-баптың 6-1-тармағының 1-тармақшасы) 

12.  Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу 

 

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-баптың 6-тармағы, 31-бап) 

13.  Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

(104-баптың 2-тармағы)

14.  Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу 

 

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркегеннен кейін

(34-баптың 6-тармағы) 

15.  Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

Айына екі рет

(Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жумсау Қағидалары 23-тармағы) 

16.  Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы орган және тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін,

2023 жылдың 3 қазанына дейін

(28-баптың 6-тармағы) 

17.  Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 3 қазанда жергілікті уақыт бойынша 18:00-ден кейін басталады және 2023 жылдың 28 қазанында жергілікті уақыт бойынша 00:00-де аяқталады

 (27-баптың 2-тармағы) 

18.  Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы орган және тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-баптың 4-тармағы) 

19.  Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Тиісті әкім

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2023 жылдың 08 қазанында

(26-1-баптың 1-тармағы) 

20.  Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылдың 13 қазанынан бастап

(26-баптың 1-тармағы) 

21.  Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылдың 19 қазанынан  кешіктірмей

(18-баптың 5-тармағы, 38-баптың 2-тармағы) 

22.  Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді аяқтау үшін кез келген уақытты белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Тиісті сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі жеті күннен кешіктірмей

2023 жылдың 22 қазанынан кешіктірмей

(38-баптың  3-тармағы). 

23.  Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2023 жылдың 26 ​​қазанынан ерте емес және 28 қазанынан кешіктірмей

(37-баптың 3-тармағы)

24.  Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беруге бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(38 баптың 1 тармағы, 40-баптың 1-тармағы) 

25.  Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер өзгеше белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-баптың 1-тармағы) 

26.  Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде мәслихатының депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18 баптың 8)-тармағы, 43 бап) 

27.  Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысу үшiн арнайы белгіленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-баптың 8-тармағы) 

28.  Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-баптың 1-тармағы) 

29.  Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-баптың 1-тармағы) 

30.  Мәслихат депутаттың сайлау қорытындыларын анықтау 

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей                                                                    

2023 жылдың 3 қаршасынан кешіктірмей

(111-баптың 1-тармағы) 

31.  Бұқаралық ақпарат құралдарында шығып қалған мәслихат депутаттын орнына сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау. 

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылдың 5 қарашасынан кешіктірмей

(14 баптың 9)-тармағы, 44 баптың 4-тармағы, 2) тармақшасы) 

32.  Шығып қалған мәслихат депутаттың орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру 

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

(14 баптың 9)-тармағы,

46 баптың 3-тармағы 1) тармақшасы,

112 баптың 1-тармағы) 

33.  Тиісті сайлау комиссиясына сайлау қорларының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну

 

 

Кандидаттар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін төрт күннен кешіктірмей

(34-баптың 9-тармағы) 

34.  Сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы, олардың көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде

(34-баптың 4-тармағы)

  Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде сілтемелер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының және Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жумсау Қағидаларына (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына беріледі.