Алматыда полицияның сервистік орталықтары пайда болады

Алматыда полицияның сервистік орталықтары пайда болады Сурет: ашық дереккөз

 «Полицияның сервистік орталықтары» жобасын іске асыру тетігі мен әдістерін Алматы әкімі Ерболат Досаев, ІІМ басшысы Марат Ахметжанов, ішкі істер министрлігінің және қалалық полиция департаментінің өкілдері талқылады.


Сервистік модельдің негізгі қағидаты – халықпен тығыз байланыс. Бұл модельді сәтті енгізу үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін сервистік орталықтар, модульдік бекеттер және учаскелік полиция пункттері сынды жаңа инфрақұрылым қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы әкімдігінің «Қауіпсіз қала» жобалық кеңсесінің жұмысы аясында іске асырылатын сервистік орталықтарды құру азаматтар көмек сұрап, жүгінген кездегі шиеленіс пен ыңғайсыздық деңгейін төмендетуге, қалалық полиция бөлімшесінің жұмысын жеңілдетуге, құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Полицияның сервистік орталықтарында 55 түрлі тегін қызмет, оның ішінде көші-қон, әкімшілік заңнама және т.б. құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріледі. Әрі ол жерде психолог, медиатор болады. Сервистік орталықтарда ресепшн, күту аймағы, балалар бұрышы қарастырылған.


 Халықтың шағымына жедел ден қою мен қауіпсіздік жөніндегі алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында 2026 жылға дейін «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша 30 заманауи жабдықталған учаскелік полиция пункттері ашылады. Бұл полицейлер үшін де, өтініш берушілер мен азаматтар үшін де қабылдау уақытында қолайлы жағдай жасауға жол ашады.



«Полицияның сервистік орталықтары – құқық қорғау органдарының қоғаммен өзара іс-қимылының оңтайлы нұсқасы. Келушілер үшін қолайлы жағдай жасалады. Қоғамдық орындарда полицияның мобильді пункттерін орнатуға және жарақтандыруға қала бюджеттен қосымша қаражат бөлуге дайын. Біз жергілікті бюджет есебінен ортақ пайдаланылатын жерлерде полиция үшін жақсы модульдік пункттер жасауға дайынбыз. Коммуникация жүргіземіз, ғимараттарды толығымен жабдықтаймыз – бұл ыңғайлы болады», - деді Ерболат Досаев.



Жаңа тәсілді іске асыру аясында Алматыда полиция жұмысына цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізу белсенді жүріп жатыр. Қалада 16 мыңнан астам бейнебақылау камерасы бірыңғай мониторинг жүйесіне қосылған. Операторлар заң бұзушылықтарды тіркеуге және қаскүнемнің жеке басын анықтауға мүмкіндік алады. Қалада қауіпсіздік жүйесін жетілдіру үшін материалдық-техникалық база үнемі жаңартылып отырады. Тәсілді өзгерту аясында жаңа технологиялық шешімдер ұсынылады.


Қазақстан Президентінің тапсырмасы аясында іске асырылып жатқан «Полицияның сервистік моделі» жобасын талқылау барысында кеңеске қатысушылар шетелдік тәжірибеге жүгінді. Шотландия, Грузия, АҚШ пен Ұлыбританияда құқық қорғау органдарының жұмыс істеу механизмдері талданды, сервистік модель, осындай бағдарламаны енгізу нәтижесі зерттелді, статистика сараланды. Жоғарыда аталған елдердің құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, қалада қылмыс саны айтарлықтай азайған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12