38 мыңнан астам алматылық жасөспірім екпе алды

38 мыңнан астам алматылық жасөспірім екпе алды
Сурет: 24.kz.

Pfizer вакцинасын 52 451 алматылық салдырды.

Алматыда бір тәулік ішінде 2 683 адам СOVID-19-ға қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, вакцинаның бірінші компонентін 1147 адам, екінші компонентін 1546 адам салдырған.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 21 ақпан аралығында қалада 1 133 638 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 088 907 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 593 адамның жасы 60-тан асқан», - делінген қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 52 451 адам салдырды. Оның ішінде 2 860 жүкті әйел, бала емізетін 11 480 ана және 38 111 жасөспірім бар.

230 250 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 119 вакциналау пункті жұмыс істейді. 140 вакциналау бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті алматылық дәрігерлер.