Алматыдан 385 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 385 шақырым жерде жер сілкінді
сурет:Freepik

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 қаңтар күні Алматы уақытымен 10.17-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 385 шақырым жерде Қытай аумағында орналасты. Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.1. MPV магнитудасы - 3,9. Эпицентр координаты – 44.07° с.е. 81.53° ш.б. Тереңдігі - 5 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.